Түркістан облысында оқушы қызды өлтірген екінші күдікті ұсталды

20 апреля 2023 г. 21:53 / Новости Казахстана

Түркістан облысының полицейлері суару каналынан мәйіті табылған қыз туралы тағы да тың деректер жария болды, деп хабарлады Arbat.media.

Өңірдегі Ордабасы ауданында кеудесіне пышақ жарақаты салынған 9 сынып оқушысының мәйіті каналдан табылған болатын. Күдікті ретінде 11 сынып оқушысы ұсталғаны айтылды. Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген екінші күдікті жігіт анықталып, қамауға алынды. Оның жергілікті тұрғын екені айтылды.

Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыстық әрекетті қалай жасағандарын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі “Адам өлтіру” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу барысында оқиғаның толық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу ісі Түркістан облысы ПД басшылығының жіті бақылауында, деді ІІМ баспасөз қызметіндегілер. 

 

Автор
Новости партнеров