Түркістан облысында 400 мың теңге пара алған шенеуік жазадан құтылып кетті

17 мая 2023 г. 15:55 / Новости Казахстана

Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған аудандық құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы 5 мамырда Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев сотталғанын мәлімдеді. 

Алайда пара алған шенеунік алған сомасын отыз еселенген мөлшерде, яғни, 12 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Ол «Бәйдібек ауданы Ағыбет ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысанын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылған.

Әзірге аталған үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Новости партнеров