Түрікменстанда тұратын мыңға жуық этникалық қазақ елге оралуы мүмкін

18 мая 2023 г. 21:03 / Новости Казахстана

Түрікменстанда тұратын мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралу үшін өтінім берді, деп хабарлайды Arbat.media.

 Бұл туралы "Отандастар қорының" президенті Абзал Сапарбекұлы мәлімдеді. 

Солтүстік өңірге қазақтарды көшіру мәселесі бойынша "Отандастар қоры" және Сыртқы істер министрлігі қазір "бір терезе" қағидатымен жұмыс істейді. Осы ретте Түрікменстаннан көшетін қазақтарға байланысты бірқатар жұмыс атқарылып жатыр. Мұнда бірқатар түйткілді мәселе бар, оның ішінде Түрікменстаннан көшетін қандастарымызды солтүстік облыстарға тұрақтандыру мәселесі. Көпшілігі Батыс Қазақстан аумағында қалғысы келеді, солтүскке көшкісі келмейді. Мұндағы негізгі міндет жергілікті атқарушы органдардың үлесінде. Еңбек министрлігі, Ішкі істер министрлігі оларды құжаттандыру мәселесімен айналысатын болса, оларға нақты материалдық көмек, жұмыспен, баспанамен қамту – жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, - деді Абзал Сапарбекұлы. 

Қор басшысы қазіргі уақытта Түрікменстандағы мыңға жуық этникалық қазақ "қандас" мәртебесін алуға өтінім бергенін атады. 

Бүгінгі таңда «қандас» мәртебесін шетелде жүріп те алуға болады. Осы Түрікменстаннан басқа, Моңғолиядан 185 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Жыл басынан бері ол жақтан 15 отбасы көшіп келді. Олардың да басым көпшілігін солтүстік өңірлерге қоныстандыру жоспарланып отыр, - деді Абзал Сапарбекұлы.

Автор
Новости партнеров