Түрік президенті құранды өртеген шведтерге жауап берді

25 января 2023 г. 18:33 / Новости Казахстана

Түркия президенті Реджептайып Эрдоған құранды өртеген шведтердің әрекетінен кейін ол елді қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Arbat.media.

Түрік басшысы шведтертерге ендігі кезекте террористерден қолдау іздеген дұрыс деп мәлімдеді. 

Сіз террористер мен исламның жауларын қатты жақсы көретіндіктен және қорғайтындықтан, олар сіздің елдеріңізді қорғасын, бізден қолдау күтпеңіз,-деді Ердоған баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, президент Швецияға Түркияның  дауыс беріне сенбеу үшін нақты түсінік берді.

Құран өртенді. Мемлекетіміздің елшілігі алдында осындай масқара әрекет жасағандар енді НАТО-ға кіруге өтінімге қатысты еліміздің дауыс беруіне сене алмайтыны анық. Біз сізге басынан бастап террористік ұйымдардың сіздің көшелеріңізде, аллеяларыңызда бүлікшіл болуына жол беретіндігіңізді айттық. Содан кейін сіз НАТО-ға кірген кезде біз сіздерді қолдайды деп күтесіз бе? Бұл мүмкін емес! Бізден мұндай қолдауды күтпеңіз, - деп атап өтті түрік басшысы. 

Швецияның алдағы уақытта НАТО құрамына кіру мәселесі ұйымға мүше елдердің дауыс беруі арқылы шешімін таппақ. Бұл ретте бір елдің қалыс қалуы я қарсы дауыс беруі ұйымға мүшелікке кіруге кедергі келтіреді. Швецияда құранды өртеген азаматтардың әрекетінен кейін аталған елдің НАТО мүшелікке кіру жолында Түркияның ресми қарсы болатынын түрік басшы осылай мәлімдеп отыр. 

Автор
Новости партнеров