Төреғали Төреәліге қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр

21 сентября 2023 г. 16:48 / Новости Казахстана

Танымал әнші Төреғали Төреәліге Алматының Түрксіб ауданы сотында қылмыстық іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Биыл 14 маусымда Алматыда есірткіге масайған көлік жүргізуші Төреғали полицейлерге бой бермей, оқиғаға орнынан қашпақ болған.

Патруль полиция қызметкерлері оны ұстап, медициналық сараптама оның есірткіге мас екенін анықтаған. Сол күні ол жауапқа тартылып, яғни 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған.Оны қамауда ұстау әкімшілік жазасы 17 шілде күні аяқталған. 

Алматы сотының баспасөз қызметі:

Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәліге) қатысты ҚР ҚК 378-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қаралып жатыр.
ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігіне сәйкес, билік өкiлiн өз қызметтiк мiндетiн атқару кезiнде немесе атқаруына байланысты қорлау – 80 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға немесе 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не болмаса 20 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу қарастырылған.

 

Автор
Новости партнеров