Тоқаев Жапония парламентінің өкілі Тошиаки Эндоны қабылдады

4 июля 2023 г. 22:57 / Новости Казахстана

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония парламентінің Қазақстанмен достық лигасының төрағасы Тошиаки Эндоны қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Кездесуде Қазақстан мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің және парламентаралық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері қарастырылғаны мәлім болды. 

Тоқаев  өз кезегінде Тошиаки Эндоға ілтипат білдіре отырып, азаматтарымыздың жапон халқына құрметі ерекше екенін атаған.  Мемлекте басшысын елімізге 8 миллиард доллар инвестиция құйған Жапония Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторларының ондығына кіретініне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жеткенін атап өтіп, бұл көрсеткішті одан әрі арттыру үшін мол әлеует бар екенін жеткізді.

Ал Тошиаки Эндо кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Жапония Премьер-министрі Фумио Кисиданың жолдаған хатын табыстады.

 

Автор
Новости партнеров