Тоқаев Түркиядағы зілзалаға қатысты Ердоғанға көңіл айтты

6 февраля 2023 г. 20:55 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жер сілкінісінен қайтыс болған адамдарға қатысты көңіл айту жеделхатын жолдады, передает Arbat.media.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты. 

Түркия Республикасында болған аса күшті жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Осындай қиын сәтте жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бүкіл түрік ағайындарымыздың ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Естеріңізге сала кетейік, 6 ақпанда таңертең Түркияда 7,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Аталған зілзала 1999 жылдан бергі елдегі ең жойқын жер сілкінісіне баланып отыр. 

Автор
Новости партнеров