Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

15 марта 2023 г. 21:18 / Новости Казахстана

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Arbat.media.

Жиында 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыру аясында қабылданған Ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу жөніндегі іс-қимыл жоспарының орындалу мәселелері қарастырылды.

Отырыс кезінде Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр баяндама жасап, сондай-ақ бірқатар мүдделі мемлекеттік орган басшылары тиісті мәлімет берді.

Мемлекет басшысы қазіргі жағдайда сын-қатерлер мен ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіпке объективті баға беріп, тиісті шараларды әзірлеу қажет екенін атап өтті.

Жиын соңында ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алу және ұлттық мүддені қорғау жүйелерінің тиімділігін арттыруға бағытталған шешімдер қабылданды.

Бұған дейін Ақордада үкімет басшысы, мемлекеттік орган жетекшілері және әкімдердің қатысуымен кеңейтілген жиын өткен болатын. Онда президент дін төңірегіндегі жұмыстарды күшейтуді әкімдерге міндеттеді. Сондай-ақ, елді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғыртудың жеткіліксіз екенін атады

 

Автор
Новости партнеров