Тоқаев Жеңіс Қасымбекке Астананы дамыту үшін бір жыл уақыт берді

11 июля 2023 г. 18:58 / Новости Казахстана
Тоқаев Астананы дамыту бойынша атқаратын жұмыстар үшін қала әкімі Жеңіс Қасымбекке бір жыл уақыт берді, деп хабарлайды Arbat.media
 
Бүгін президент Астананы дамыту мәселелеріне арналған кеңесте айтылған тапсырмалар дер кезінде және тиімді орындалуы керектігі туралы айтты. Тоқаев өз сөзінде Астана бас қала деген атауға лайық болуы керектігін атады. 
"Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады. Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс. Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін, - деді ол. 
Мемлекет басшысы сонымен бірге, Астананы дамытуға қатысты барлық мәселелер кешенді және дәйекті түрде шешілуі керектігін де тілге тиек етті. 
"Осы мақсатта "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" заңға тиісті түзетулер енгізу кезек күттірмейтін мәселе. Әкімдіктің өкілеттігі мен жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан күшейткен жөн. Мұндай тұрақты даму үшін Астана сияқты үлкен шаһарды тиімді және сапалы басқару қажет.Жалпы, елорданы дамыту үшін ең алдымен әкімдік, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары арасында сенімді серіктестік орнату қажет.Оны анық түсіну керек. басты міндет – барлық азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, - деді Қ.Тоқаев. 
Автор
Новости партнеров