Тоқаев қаңтар оқиғасында баласы өлген ҚазҰУ ректорын қабылдады

10 марта 2023 г. 21:59 / Новости Казахстана

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Жансейіт Түймебаевты қабылдады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің жазуынша, қабылдау кезінде президентке университеттің академиялық, ғылыми-зерттеу, инновациялық қызметінің нәтижелері және оқу орнын дамытудың жаңа бағыттары мен перспективалары айтқан. 

Жансейіт Түймебаев бүгінде университетте 24 мыңнан астам студент, соның ішінде әлемнің 54 елінен 2,8 мың шетелдік азамат білім алатынын атады. 542 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр, ғылыми орталықтар мен ғылыми жобалар саны артқан. 2022 жылы АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Франция, БАӘ және Түркияның жетекші университеттерімен 30-дан астам келісімшарт жасалған. Ыстанбұл және Бішкек қалаларында ҚазҰУ-дың филиалдары жұмыс істейді. Алматыда университет базасында МИФИ (Мәскеу) филиалы ашылған. 

Сонымен бірге, өткен жылы жоғары оқу орнында оқытушы-профессорлар құрамының еңбекақысы көтерілгені туралы да айтылды. Бұдан бөлек, оқу ғимараттарына, зертханаларға, жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне екі жер учаскесі кері қайтарылған. 

Қаңтар оқиғасы кезінде Жансейіт Түймебаевтың жалғыз ұлын Алматыда әскерилердің атып өлтіргені белгілі болған еді. Өткен жылдың күзінде оның ұлының өліміне күдікті ұсталғаны айтылды. 

Автор
Новости партнеров