Тоқаев Мәскеуде жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы басқосуына қатысты

25 мая 2023 г. 22:30 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың жазуынша, президент жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) Мәскеуде өткен кезекті отырысына қатысты.

Шағын форматта өткен жиынға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Ресей Федерациясының Президенті – ЖЕЭК төрағасы Владимир Путин, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразия экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович қатысты.

Жиын барысында мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақтың қызметі мен даму перспективаларына қатысты өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан. 

Бұған дейін Қ.Тоқаевтың Мәскеудегі үлкен Кремль сарайына барғаны туралы айтылған еді

Автор
Новости партнеров