Тоқаев бас прокурорды қабылдап, есебін тыңдады

15 июня 2023 г. 7:02 / Новости Казахстана

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Бас прокурор Берік Асылов еліміздегі заңдылықтың сақталу жағдайы мен жүргізілген қадағалау жұмыстары туралы есеп берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қабылдау барысында бас прокурор Абай облысындағы өрт дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске қатысты тергеу амалдары жөнінде баяндады.

Оның ішінде құқық қорғау және арнаулы органдардың тәжірибелі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылғанын, сондай-ақ, тергеу қорытындысы бойынша лауазымды тұлғалардың әрекеттері мен әрекетсіздігіне құқықтық баға берілетінін жеткізді. 

Ақорданың баспасөз қызметі мемлекет басшысының Абай облысындағы өрттің мән-жайын объективті түрде тергеу маңызды екеніне тоқталып, еліміздің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырма бергені туралы мәлімдеді. 

Автор
Новости партнеров