Тоқаев Астанада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысты

5 июня 2023 г. 18:03 / Новости Казахстана

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этно-мемориал кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Arbat.media.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт бергеннен кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, ту көтерілген. Тоқаев жиналған қауымды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, олар егемендік пен елдіктің ең басты белгісі екенін атады.

Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Бөрілі байрақ күллі түркі жұртын біріктірген. Абылай ханның ақ туы бүкіл қазақтың басын қосқан. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған. Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі президенттің қолынан офицерлік шен алған. 

Автор
Новости партнеров