Техастық жолаушы әйел такси жүргізушісінен қауіптеніп атып өлтірді
АҚШ-та Uber такси қызметінің жүргізушісін жолаушы әйел тастады, деп хабарлайды Arbat.media.
Шекарада орналасқан Техас штатындағы Эль-Пасо қаласы полициясы Фиби Копас есімді әйел өзін Мексикаға алып кетеді деп қорқып, такси жүргізушісін көлік ішінде ата салған. Ал Даниэль Пьедра Гарсия есімді көлік жүргізушіссі араға уақыт салып ауруханада қайтыс болды.
Қайғылы оқиға барысында жолаушы Копас сөмкесінен тапаншаны алып бірден жүргізушінің басынан атқан. Әйел адам жедел қызметке хабарласып, жүргізушінің суретін жігітін мессенджер арқылы жолдапты.
Тергеу бұл істің адам ұрлығы немесе Пьедраның Копасты тиісті жерге жеткізуден бас тартқанын растамайды, - деп отыр Эль-Пасо полициясы.
Енді жолаушы әйел құрама штаттардың заңы бойынша сотталады деп күтіліп отыр.