Теміртауда адам тонаған қос күдікті қолға түсті

29 июня 2023 г. 21:27 / Новости Казахстана

Теміртау тұрғындарына шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-тің жазуынша, Теміртау қалалық полиция басқармасына қарасты ескіқалалық полиция бөліміне 21 жастағы қаланың екі тұрғыны арызданған.

Олар белгісіз азаматтардың өздеріне қатысты шабуыл жасағанын мәлімдеп, күдіктілер жәбірленушілерге күш қолдану арқылы оларда бар бағалы заттарды алып, оқиға орнынан іздерін жасырған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 47 мың теңгені құраған. Олар күдіктілердің жастары 20-25 жас аралығында екенін атады. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 19 бен 22 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.

Қазір аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 191-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Автор
Новости партнеров