Теміртау тұрғыны зейнеткерге көмектесіп жүріп 6 млн теңгесін өзіне аударып алды
1 июля 2023 г. 15:55 / Новости Казахстана
Теміртауда 24 жастағы жігіт 82 жастағы зейнеткердің банк картасынан 6 миллионнан астам ақша шешіп алғаны белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Полицияға шағымданған егде жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есеп шотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғандығы туралы айтқан. Бұл туралы қария банктен есеп шотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде бір-ақ білген.
Іздестіру кезінде криминалдық полиция қызметкерлері қылмытсық іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстағанын мәлімдеді.
Күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған. Жәбірленушінің есеп шотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғандығын мойындады, - деп жазылған ІІМ таратөан хабарламада.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚК 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін Астанада зейнеткерге телефон соққан алаяқтар оның қызының қиын жағдайға тап болғанын айтып, мәселені "шешу үшін" қолдағы 16 млн теңгесін алып кеткен болатын. Ал Павлодарда 90 жастағы қарияны тура осындай тәсілмен алдағандар 13 млн теңгесін жоқ қылған. Ал тура осыған ұқсас жағдай Көкшетауда тіркеліп, онда анасының ауыр жағдайда екенін айтқан алаяқтар кішкентай балаларынан 18 млн теңгені алып кеткені белгілі болды.
1 июля 2026 г. 8:06 / Новости Казахстана
Токаев поздравил казахстанцев со вступлением в силу Новой Конституции
30 июня 2026 г. 16:08 / Новости Казахстана
Ерлан Карин получил один из ключевых постов в Администрации президента
30 июня 2026 г. 12:25 / Новости Казахстана
КТЖ объяснила длительные задержки поездов
30 июня 2026 г. 11:56 / Новости Казахстана
Минюст РК назвал сроки формирования нового правительства и Курултая
29 июня 2026 г. 14:47 / Новости Казахстана
Мошенники обналичили через дропперов около 400 млн тенге за пять месяцев
29 июня 2026 г. 12:15 / Новости Казахстана