Теміртау тұрғыны Астанада есірткімен ұсталды

17 марта 2023 г. 21:26 / Новости Казахстана

Астана полицейлері теміртаулық азаматтан 3 келі гашиш тәркіледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Елорданың ҰҚҚКБ қызметкерлері патрульдік полициямен бірлесе отырып, Мәңгілік Ел даңғылы бойындағы көлік тұрағынан 51 жастағы Теміртау тұрғынын қолға түсірді.

Жеке тінту кезінде рюкзактан жалпы салмағы 2,918 келі болатын сұр-жасыл түсті зат салынған полиэтилен пакеті алынды. Тәркіленген есірткі затының гашиш екендігі анықталды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 296-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деді ІІМ баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта ер адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. ІІМ бұған дейін Ақтауда үйде есірткі өсірген екі азаматты ұстағаны туралы хабарлаған болатын. Сонымен бірге Ресейден келіп, Маңғыстау облысында есірткі сатумен айналысқан азамат қамауға алынды

Автор
Новости партнеров