Таразда ұрланған автокөлік Арыстан табылды, күдікті ұсталды

13 апреля 2023 г. 17:16 / Новости Казахстана

Тараздағы мөлтек аудандардың бірінде тұратын 34 жастағы азамат түнгі мезгілде аулада тұрған Toyota Сamrу автокөлігін ұрлаған. Полиция қызметкерлері ұрланған автокөлікті Арыс қаласындағы жалға алынған үйлердің ауласынан тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Шығын көлемі - 16 млн теңге. Көлік иесі автокөлікті сату үшін жарнама сайтына шығарғандығын және бірнеше ер азаматтың келіп көргендігін айтқан.

27 жастағы Түркістан қаласының тұрғыны анықталды. Ол көлікті тексеру кезінде арнайы техниканың көмегімен өзімен бірге алып келген кілтті автокөлікке орнатып үлгерген. Түнде келіп сол кілтпен көлікті ашып, Түркістан облысына айдап кеткен.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. УҰИ-нп қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Автор
Новости партнеров