Таразда дәрігерлер сәби сатпақ болды деген күдікке ілінді

25 января 2023 г. 19:16 / Новости Казахстана

Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының екі қызметкері жаңа туған нәрестелерді саудалады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Arbat.media. 

 Бұл туралы Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметімәлімдеді. Тараз қалалық прокуратурасы Жамбыл облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесе отырып жаңа туған нәрестелерді сату дерегін анықтаған.

"Аталған дерек бойынша 12 қаңтарында соталды тергеу басталды. Осы ретте Тараз қалалық көпсалалы ауруханасының 2 медицина қызметкері қамауға алынды", - деп жазылған Жамбыл облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратта. 

Қазіргі уақытта сәби сату дерегі бойынша күдікке ілінгендер қылмыстық кодексінің 128-бабы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен бірге, бұл дерекке қатысты тергеуісін Тараз қалалық прокуратурасы жіті қадалауға алған. 

Автор
Новости партнеров