Талғарда қыз баланы жақын танысы аяусыз соққыға жықты

5 января 2023 г. 15:53 / Новости Казахстана

Алматы облысында жас қызды бұрын араласқан жігіт қатты соққыға жығып, зақым келтірді. Талғар ауданында болған оқиғадан кейін қыз бала дене жарақаттармен ауруханаға түскен, деп хабарлайды arbat.media.

Бұзақылық оқиғасы Жаңа жылдан кейін болған. Аталған жағдай 3 қаңтар күні кешкілік қызды жігіт үйінен алып кетіп, қала сыртында соққыға жыққаны белгілі болды.

2023 жылдың 3 қаңтарында сағат 23:00 шамасында әпкемнің бұрынғы жігіті оны үйінен алып кетіп, "әке-шешең мен әпкелеріңе менімен сөйлескеніңді айтсаң, өлтіремін" деп қорқытып, қала сыртына шығарған. Алатау тасжолының бойында көлікте қызды ұрып-соғып, мұрнын сындырып, бетін пышақпен тіліп, шешіндіріп суретке түсіріп, оны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған. Біз барлығын сол жігіттің парақшасынан көрдік. 01:30-да патрульдік полицияға қоңырау шалдық. Оларға жағдайды түсіндірдік, кейін жедел жәрдем шақырдық. Жедел жәрдем келіп, алғашқы медициналық көмек көрсетті, патрульдік полиция оны іздеуге шықты. Сіңілім облыстық Талғар ауруханасына жатқызылды. Біз ауруханада болғанымызда тергеушілер келді. 04.01.2023 жылы таңертең қылмыскер ұсталды, қазір Талғар аудандық полициясында қылмыстық іс қозғалды, - дейді зардап шеккен қыздың туысы.

Зардап шеккен қыздың туыстарының айтуынша, бір жарым жыл бұрын күдікті жәбірленушіге дәл осындай дене жарақатын салған. Кейін жәбірленуші Алматы қаласында арыз жазған. Бірақ жағдай өзімен-өзі шешіліп, іс жабылып қалған

Біз оның барлық заңнамалық шаралар бойынша жазалануын және бәрі әділ шешілгенін қалаймыз. Біздің құқық қорғау органдары барлық шараларды қабылдайды деп үміттенеміз, - дейді зардап шегушінің туысы.

Талғар аудандық полиция бөлімі жарақат алған қыз қазір медициналық мекемеде емделіп жатқанын растады.

2001 жылы туған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайды анықтау полиция қызметкерлеріне жүктелді. Тергеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның нақты мән-жайы анықталады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысы ПД басшылығы бақылауға алынды", - деді аудандық ПБ мамандары. 

Автор
Новости партнеров