Тайландта қайтыс болған Darkhan Juzz-дің денесі ертең Алматыға жеткізіледі

27 февраля 2023 г. 23:05 / Новости Казахстана

Тайландта жол апатынан  әнші Дархан Жүнісбековтің мәйіті жеткізілетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Ертең Алматыға марқұмның мәйіті Air Astana әуе компаниясының ұшағымен жеткізіледі. Барлық шығынды аталған компания өзіне алды. Ақша жинауға қатысты түсінік берген жөн болар, продюсердің айтуынша, бүгінге дейін жиналған барлық қаражат қайтыс болған отандасымыздың туыстарына беріледі, - деді А.Смадияров министрліктің апталық брифингінде. 

24 ақпан күні Таиландта Darkhan Juzz сахналық лақап атымен кеңінен танымал отандық әнші Дархан Жүнісбеков жол апатынан қайтыс болған еді. Марқұмның өлімінен кейін Алматыда оның өнеріне табынушылар жиналып, әндерін шырқап, еске алған еді. 

Автор
Новости партнеров