Шымкенттегі бес адамды өлтірген автобус оқиғасы: әйелдің артында бес баласы қалды
Автобус қаққан алты адамның бесеуі сол орында жан тапсырды. Бір әйелдің артында бес баласы қалды, деп хабарлайды Arbat.media.
Қаза тапқандар кешкісін жұмыстан қайтқандар екен. Болған жағдай жанға батты дейді әріптестер.
Біріншісі – біздің Азиза деген әпкеміз, сатушы боп істейтін. Артында бес бала-шағасы қалды. Екінші қыз – Азатхан Айзада, ол қыздың мүгедек анасы бар, сол кісінің жалғыз асыраушысы еді. Үшіншісі – Амина деген мектеп оқушысы, ол мамасының орнына сол күні саудаға шыққан. Ол да сол жерде, қасында құрбысы болған. Төртінші қыз - Камила деген сол қыздың құрбысы. Екеуі бағдаршам алдында қатар тұрған. Бесінші қыз – Рахима "Плазаға" жақын жерде керемика сататын дүкеннің сатушысы. Ол да жас қыз, - дейді Айдана Рақымбаева.
Періштесі қаққан 18 жастағы қыз ауруханада.
Қазір науқас нейрохирургия бөлімінде қажетті емін қабылдап жатыр. Қазірге науқастың жағдайы орташа деңгейде саналады. Емді толық дәрежеде алып жатыр, - деді, № 1 клиникалық аурухананың бөлім меңгерушісі Елдар Смағұлов.
Тасымалдаушы компания автобустың техникалық ақауы болмағанын айтты.
Қолмен тежегішке қойылмаған. Одан кейін автобус адамдарды соғып тоқтаған жерінде екі адам автоустың есігін ашып көрген. Бірақ қол тежегішке тиіспеген. Одан кейін барып жүргізуші соңында келіп тежегішке қарай созылып, кейінірек барып тартып қойған, - дейді, "Shymkent Bus" компаниясының директоры Азат Қайыпбеков.
Автобус өздігінен жүріп кетуіне нақты не себеп болғанын полиция анықтап жатыр, бірнеше сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабы 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалған. Автобус жүргізушісі қамауда. Және бізге Шымкент қалалық әкімшілікке "SHYMKENT BUS" фирмасының жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды", - деді, Шымкент қ. Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Нұрдәулет Сүйеубеков.
Бес адамның өліміне себеп болған автобусқа жауапты компания лицензиясынан айырылуы керек деп полиция департаменті әкімдікке хат жолдады.