Шымкентте тендерде жеңімпаз атанған келіншек әкімдік алдына газға қарсы қорғаныс құралын шашып тастады

18 января 2023 г. 16:27 / Новости Казахстана

Шымкентте кәсіпкер әйел қалалық әкімдіктің алдында 5 мыңнан астам газға қарсы қорғаныс бас киімін шашып тастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Алдын ала белгілі болғандай, кәсіпкер тендерден жеңімпаз атанып, құны 160 миллион теңге болатын газға қарсы қорғаныс бас киімін Ресейдегі зауыттан тапсырыс арқылы жеткізуі тиіс болған.  Алайда тапсырысты кәсіпкер келіншек уақытында жеткізбегендіктен жағдай басқа сипатта орын алған. Осыдан кейін Шымкент қалалық әкімдігі қайтадан байқау өткізген көрінеді. Арадағы келісімшартты бұзған әкімдік оны сотқа берген.  

Шымкент әкімі аппаратының мамандандырылған базасының басшысы Ердәулет Құрманғазы бұл тауарды алуға және ақшаны төлеуге дайын екендіктерін, бірақ сот оларды міндеттесе жүзеге асыратынын жеткізді.

Компания тендерде белгіленген мерзімдер бойынша тауарды жеткізу барысында кешікті. Заң бойынша біз сотқа жүгіндік, - деп түсіндірді ол.

Айта кетерлік жайт,, 2022 жылы Қазақстаннан Ресейге жүк жеткізу көлемі айтарлықтай өскен. Биржаның мәліметінше, Қазақстаннан басқа елдерге тасымалдауға сұраныс 2,2 есе артып отыр. 

Өткен жылдың көктемінде Қазақстанда 10-ға жуық ірі ресейлік және беларусьтік автопарктер тіркелді, бұл жергілікті нарықтағы бәсекелестікті шиеленістіре түсті. 

 

Автор
Новости партнеров