Шымкентте қасақана адам өлтірген күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды
Шымкентте адам өлтірген топтың бір мүшесі іздестірілуде, - деп хабарлайды Arbat.media.
1986 жылы туған Түркістан қаласының тұрғыны Тәжібаев Ерлан Абдуллаұлына халықаралық іздеу жарияланды. Ол, 2012 жылы қымбат маркалы автокөлікті иемдену үшін таныстарымен алдын ала сөзбайласып, Шымкент қаласы Темірлан тас жолының бойында бейтаныс ер адамды қасақана кеуде тұсынан атып өлтірген.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты «Адамдар тобының алдын ала сөзбайласуымен жасалған адам өлтіру» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Нәтижесінде, сыбайластардың үшеуі Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларында ұсталып, қамауға алынды. Алайда Тәжибаев Ерланға қатысты жүргізілген іздеу оң нәтиже бермей отыр.
Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі:
Халықаралық іздеу жарияланды. Суретте көрсетілген ер адамды көрген-білгендер болса, бірден полицияның «102» арнасына немесе 8-7252-97-66-44, 8701-555-28-06, 8775-777-23-05 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз.