Шымкентте 646 ВИЧ жұқтырған әйел өмірге дені сау ұрпақ әкелген

17 апреля 2023 г. 21:03 / Новости Казахстана

ВИЧ инфекциясын жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес екені белгілі болды. Бұл туралы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Орталықта тіркеуде тұратын азаматшалардың барлығы дені сау сәбиді дүниеге әкелген.

Шымкент қалалық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі орталығы бас дәрігерінің орныбасары Қожахмет Маширов АИТВ адам ағзасын әртүрлі инфекциядан қорғайтын иммунды жүйені зақымдайтынын айтады.  

Біз  АИТВ инфекциясын емдеуде  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған хаттамаларды қолданамыз. АИТВ шалдыққан адамның өмірін дәрі беру арқылы ұзартуға болады.  Өмір ұзақтығына дейін созуға болады. Егер дәрі ішіп, уақытылы ем алса өмір ұзақтығы табиғи сау адаммен бірге созылуы мүмкін. Сонымен бірге олар өмірге дені сау бала әкеле алады, – дейді ол.

Инфекция жұқтырғандар ауруын мойындамай, ем жасауға қарсылық танытып жатады екен. Алайда нәтиже көрсеткендей дер кезінде ем жасағандар жақсы көрсеткіш көрсете алады.

 

Сала мамандарының айтуынша, инфекция жұқтырған аналар мен балалар қоғамға қауіпті емес.
Автор
Новости партнеров