СҚО-ның бұрынғы әкімінің інісі генерал-майор Біләловқа қатысты тергеу аяқталды

29 мая 2023 г. 16:52 / Новости Казахстана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2021 жылы қылмыстық істі тоқтату сылтауымен алдау арқылы 40 млн теңгені иеленген полиция генерал-майоры Берік Бәляловқа қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазіргі уақытта іс айыптау актісін бекіту үшін прокуратураға жіберілген.  Сондай-ақ, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, агенттіктің ресми өкілі Арман Тілеукенов, 

Айта кетейік,  генерал-майор Берік Біләловтің ағасы Серік Біләлов кезінде Солтүстік Қазақстан облысын бірнеше жыл басқарып, кейін Сенат депутаты болды. Ал Берік Біләов биылғы ақпанның соңында ұсталған.  59 жастағы ол СҚО ҚАЖД басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалғанға дейін, 2014 жылдан 2019 жылға дейін СҚО Полиция департаментінің бастығы, ал 2019 жылы сәуірден қазанға дейін Ақмола облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 

Автор
Новости партнеров