СҚО-да "Халық Кеңесі" тобына қатысушылар он жылға сотталуы мүмкін - Прокуратура

18 апреля 2023 г. 18:15 / Новости Казахстана

Петропавлда «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.media.

СҚО прокуратурасының мәліметіне бойынша, наурыз айында "Халық Кеңесі" тобына қатысушылардың жиналысы туралы ғаламтор желілердегі хабар бойынша 2023 жылғы 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментімен сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған.  

Облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік Комитеті Департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, процестік прокурорлар тағайындалды. Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында  «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды, - деді СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

Аталған топ жиналыс барысында Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық Кеңесін құру туралы талаптарын білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық Кеңесі Декларациясын" қабылдағаны белгілі болды. Топ өкілдері  Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін  мойындамаған, оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарғаны анық байқалып отыр. 

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу шаралары жүргізілді, оның ішінде  әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.  Саясаттанушылар мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес  сепаратизм белгілері анықталды, - деді СҚО прокуратурасының баспасөз қызметіндегілер. 

Қылмыстық  істің жиналған материалдары негізінде "Халықтық кеңестің" үш мүшесінің әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 180-бабы 2-бөлігі бойынша  Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталды. 

 Қазіргі аталған тұлғалар ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасып жатыр. Жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады, - деді СҚО прокуратурасы. 

 

 

 

 
Автор
Новости партнеров