СҚО-да мас күйде көлік басқарған зейнеткер бес жылға сотталуы мүмкін

21 апреля 2023 г. 12:00 / Новости Казахстана

Солтүстік Қазақстан облысында 74 жастағы ер адам мас күйде басқарғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ол осыдан үш ай бұрын мас болып көлік жүргізген, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақпараттың жазуынша, Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылында учаскелік полиция инспекторы тексеру мақсатымен «Ssang Yong» автокөлігін тоқтатқанда жүргізушінің мас екенін анықтады. Полиция қызметкеріне көлікті басқарған 74 жастағы зейнеткер бұған дейін де мас күйінде ұсталған көрінеді. 

Ол биыл қаңтар айында мас күйінде көлік тізгіндегені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанымен қайтадан әрекетін қайталаған. Медициналық куәландыру оның қайтадан орташа мас күйде көлік жүргізгендігін көрсетті. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. 

Баптың санкциясы 5 мың АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салудан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі жазаны көздейді, сондай-ақ заң бұзушы өмір бойы көлік жүргізу құқығынан айырылады. Автокөлік айып тұрағына қойылды, - деді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында көлік басқару құқығынан айырылған 10 мас жүргізуші ұсталған. 

Автор
Новости партнеров