Зайытов пен Аймағамбетов Мәжіліске үміткер, Шораев пен Тұрлыханов бір мандатқа таласуы мүмкін

7 февраля 2023 г. 18:35 / Новости Казахстана

"АMANAT" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына және бірмандатты округтер бойынша ұсынылатын кандидаттар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Партиялық тізім бойынша Мәжіліс депутаттығыныа үміткер ретінде 90 адам ұсынылған. олардың арасында Мәжілістің өткен шақырылымдағы төрағасы Ерлан Қошанов, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, мәжілістің экс-депутаты Мұрат Әбенов, Аманжол Әлтай, Жанарбек Әшімжан, Айдос, Альберт Рау, Ғалым Байтұқ, айтыскер ақын Ринат Зайытов, "Жайдарман" жүргізушісі Есен Елеукен сынды адамдар бар. 

Сонымен бірге бір мандатты округ бойынша 29 үміткер бар. Астана қаласынан елімдің грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов пен Ерік Жолжақсынов ұсынылған. Бұған дейін аталған округтен мажоритарлық жүйе бойынша Арман Шораев та түскелі отырғаны белгілі болған. Демек, алдағы уақытта Дәулет Тұрлыханов пен Арман Шораевтың арасында саяси бәсекеге куә болуымыз әбден мүмкін.

Сондай-ақ, Мәжілістің өткен шақырылымында Маңғыстау облысынан сайланған Еділ Жаңбыршин мен Мәжіліске бірнеше рет ШҚО депутат болған Нұртай Сабильянов бұл жолы бір мандаттық округ бойынша "АMANAT" партиясы атынан өздері туратын өңір бойынша жалғыз үміткер атанып отыр. 

Айта кетерлік бір жайт, көпшілік есінде қалған Мәди Ахметов бұл жолғы шақырылымға үміткер депутаттар тізіміне енбеген. Ол Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевпен өткен кездесуде жастар атынан оған ескерткіш қоюға рұқсат сұрауымен және 2019 жылы президент сайлауы қарсаңындағы үгіт-насихат жұмыстары кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге ұрандап шақырамын деп жұрттың сынына ұшыраған болатын.

 

Автор
Новости партнеров