СІМ Франциядағы тәртіпсіздіктен зардап шеккен қазақстандықтарға қатысты пікірі білдірді

3 июля 2023 г. 22:44 / Новости Казахстана

Еліміздің сыртқы істер министрлігі Франциядағы жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккендер арасында қазақстандықтар болуы мүмкін бе деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ел аумағында болып жатқан жаппай тәртіпсіздіктер бойынша сондағы отандастарымыздың тағдырына қатысты пікір білдірді. 

Франциядағы тәртіпсіздіктер бойынша бізге зардап шеккендер немесе көмек сұрағандар туралы хабар келіп түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Тәртіпсіздіктер тек 1-2 қаласында, ал жалпы Францияда тыныш, - деді Айбек Смадияров министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Францияда 17 жастағы жасөспірімді полиция атып өлтіргеннен кейін жаппай наразылық басталған еді. Тәртіпсіздіктер кезінде 421 адам ұсталды. Қазіргі уақытта тәртіптісіздерді қадағалау үшін қырық мыңнан астам полицияның бекітілгені туралы ақпарат айтылды. 

 

Автор
Новости партнеров