Шетелге кеткен ғалымдарды қайтаруға бағдарлама әзірленеді

6 сентября 2023 г. 18:50 / Новости Казахстана

 Ғылым және жоғары білім министрлігі шет мемлекеттерге жұмыс істеуге кеткен отандық ғалымдарды елге қалай қайтаратынын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кейінгі екі жылда қанша қазақстандық ғалым өзге мемлекеттерге жұмыс істеуге кеткенін сұрап, ресми сауал жолдаған едік, - деп жазады ҚазАқпарат

«Ғалымдардың елден кетуі бойынша ақпарат қалыптастырылмайды. Қазақстанда жоғары білімді және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ғалымдарды елге қайтаруға бағытталған бағдарлама әзірлеу көзделген».

Министрлік шетелге тәжірбие жинақтауға кеткендер жайлы статистикамен бөлісті.

2021-2022 жылдары 416 ғалымға әлемнің жетекші орталықтарында тағылымдамадан өтуге гранттар берілді. Қазіргі таңда тағылымдамасын аяқтаған 257 ғалым елге оралды. Қалған ғылыми қызметкерлердің тағылымдама мерзімі аяқталмады.

Автор
Новости партнеров