Серік Сәпиев өзінің не үшін төбелескеніне жауап берді

27 февраля 2023 г. 15:25 / Новости Казахстана

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Алматыда өткен Batyrball аралас жекпе-жегі бойынша өткен ойындағы төбелеске неліктен барғаны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Arbat.media.

Naiza 49 турнирінде балуан Зелимхан Мусихановпен өзара туындаған кикілжіңге қатысты түсініктеме берді.  Ол бұл төбелес туралы пікір білдіре келе, жекпе-жек сайыстарында болып тұратын қалыпты жағдай екенін атаған. 

Мұндай күресте де, футболда да, барлық жерде де болады. Бірақ ойыннан кейін бәрі дос болып қалуы керек. Мен рингте қарсыластарымды аямаймын, бірақ жекпе-жектен кейін біз доспыз, - деді олимпиада чемпионы.

Спортшы ойын аяқталған соң қарсыласына барып, қол алысуға ниетті болғанын айтады. Алайда қарсыласы Зелимхан басқаша жауап беріп, соңынан жанжал тағы ушыға түскен.

Arbat.media Алматыда Серік Сәпиевтің октагонда қарсыласымен төбелескені туралы жазған болатын. Сегізбұрышты алаңда ойын аяқталған соң боксшы қарсыласын ұрып жіберген

 

Автор
Новости партнеров