Серік Күдебаевтың түрмедегі фотосына байланысты тергеу жүргізіледі

4 сентября 2023 г. 10:10 / Новости Казахстана

Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суретіне байланысты қызметтік тергеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы, Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі фотосы желіге тарап кетуіне байланысты қызметтік тексеру басталады.

 Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып тастау фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңдылықты бұзуына қатысты түбегейлі ұстанымға берік. Келіп түскен әр ақпарат тыңғылықты тексеріледі. Заң бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады, - делінген комитеттің ресми мәліметінде.

Серік Күдебаев пен жанындағылар жайғасқан дастарханның үстінде тәртіпке қайшы келетін азық-түлік өнімі жоқ.

ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қлымыстық атқару жүйесінде қамауда отырған сотталушылар азық-түлікті сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде қабылдауға хақылы. Олар ол тамақты арнайы бөлінген орында бос уақытта тұтына алады. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлық түріне ортақ.

Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері табылған жоқ, - деп жазады комитеттің баспасөз қызметі.

Новости партнеров