Сара Назарбаева құрған институт атауы өзгереді

2 июня 2023 г. 17:53 / Новости Казахстана

Еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева құрған институттың атауы өзгермек, деп хабарлайды Arbat.media.

Өзгеріске қатысты ақпарат Ашық НҚА порталында жарияланған үкімет қаулысының жобасында жарияланды

Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының атауы өзгеріп, ребрендинг жасалады. Енді аталмыш институттың атауы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты болып өзгертіледі, - деп жазылған жобада. 

Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген қаулы 15 маусымға дейін ашық талқылауға ұсынылып отыр. 

Сара Назарбаева «Бөбек» қорын ашып, кейін өзі негізін қалаған институт арқылы "Өзін-өзі тану" пәні мектеп бағдарламасына енгізілген еді. 

Ал биылдан бастап еліміздің мектептерінде «Өзін-өзі тану» пәні болмайды. Министрліктің мәліметінше, аталған пән бұрынғыдай 1-ден 11-сыныпқа дейін емес, оқушылардың таңдауы бойынша және тек бір сыныпта өткізмек. 

Автор
Новости партнеров