"Шапырашты" операциясы: Назарбаев инфаркт алғаннан кейін қаңтар оқиғасы басталды" - Жақсыбек Құлекеев

9 января 2023 г. 17:10 / Новости Казахстана

Қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары «Шапырашты операциясын» ұйымдастырған. Бұл туралы Жақсыбек Құлекеевтің «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабында жазылды, деп хабарлайды  Arbat.media.

Таяуда қазақ тілінде жарыққа шыққан қаңтар оқиғасы туралы «Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабында бірқатар деректер қамтылған. Оның ішінде қаралы оқиғаға дейінгі, сол кездегі және одан кейінгі оқиғаларды автор жинақтап шығарған.

Автордың жазуынша, қаңтар оқиғасына дайындықты ұйымдастыру 3 жыл бұрын басталған. Бұл тұрғыда бірнеше күштік құрылым басшылары өзара бірігіп, қысылтаяң сәтте мемлекет басшысын биліктен кетіру туралы құпия келісімге келген.

Қазақстанда 2022 жылдың қаңтарында орын алған оқиғалардың шынайы мәні тұжырымдамалық түрде 2019 жылдың шілдесінде алғаш рет белгілі болған. Ол бұрын жоспарланған «Шапырашты» операциясына сәйкес келеді. Осындай тосын ой «Нурсултанский соловей» анонимді Telegram-арнасынан айтылды. Арнаның мәліметтері бойынша бұл операция қиын жағдай туындаған жағдайда Нұрсұлтан Назарбаев, ҰҚК жоғары басшылығы, Шапырашты руының өкілдері және Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жекелеген мүшелерінің рұқсатымен қазіргі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты биліктен тайдыруды көздеген. Бұл шындықтың қаншалықты шындыққа жанасатынын уақыт көрсетер, - деп жазылған кітапта.

Сонымен бірге, бұл істің артында бұрынғы президенттің жақын туыстары «Шапырашты» операциясын жүргізуге тас-түйін дайын отырған. Бұл бүлікке бірнеше жағдайда бару алдын ала жоспарланған көрінеді.

Шапырашты руының қиын жағдай деп атағандары: Бірінші. Президенттің белгілі бір саяси әрекеттері; Екінші. Елбасының күтпеген жерден мезгілсіз қайтыс болуы; Олардың ойынша, егер Н.Назарбаев бұл өмірмен қоштасса, «Шапырашты» операциясы дереу басталуы керек еді. Олар елбасы өлімінің фактісі мұқият құпия сақталатынына да аса қатты маңыз берді. Қ.Тоқаевтың ізбасар болуына қарсылық ретінде 2019 жылы құрамында ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов, ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Самат Әбіш, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, сондай-ақ, Елбасының жақын туыстары - Болат Назарбаев, Ахметжан Есімов, Қайрат Сатыбалды және Дариға Назарбаева бар қастандық жасаушылар тобы құрылды. Қазіргі уақытта БАӘ-ді уақытша тұрғылықты жер ретінде таңдаған Қазақстанның саяси және іскерлік элитасының қоршауындағы дереккөздердің айтуынша, бастапқыда Маңғыстау облысындағы сұйытылған газ бағасының көтерілуіне қарсы наразылық акциясы «Шапырашты» операциясын бастау үшін себеп ретінде қарастырылмаған, - деп жазады Жақсыбек Құлекеев.

Оның деректеріне сенсек, қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығы сыр беріп, инфаркт алған. Ал өткен жылдың алғашқын күндерінде оның інілері өзара шешім қабылдап, оны сол кездегі ҰҚК төрғасы болған Кәрім Мәсімовке құпия түрде хабарлаған.

Бірақ операцияның басталуына дәл осы уақытта елбасының денсаулығының күрт нашарлап, ауыр халге түсуі, оның инфаркқа ұшырауы себеп болды. Дәл осы кезде , қаңтардың алғашқы күндерінде елбасының жеке емдеуші дәрігерінің ақпаратына қанағаттанбаған қастандық жасаушылардың бір бөлігі мемлекеттік билікті күшпен басып алу мен мемлекеттік төңкеріс жасауды жасыру үшін еліміздің бірқатар өңірлерін шарпыған стихиялық митингілерді пайдаланып, операцияны бастауға шешім қабылдайды. Соңғы шешімді 3 қаңтар күні кешке Алматыда Самат Әбіш, Қайрат Сатыбалды және Болат Назарбаев қабылдады. Кәрім Мәсімовке операцияның басталғаны туралы жабық байланыс арнасы арқылы хабарланды. Көшедегі қастандық жасаушылардың негізгі қозғаушы күші Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы сауда орындарының қызметкерлері және Самат Әбіш пен Қайрат Сатыбалдының қолдауымен Қазақстанның оңтүстігінде жасақталған қарулы салафиттік жамағат болды» делінген хабарламада, - деп жазады автор.

«Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» кітабы үш бөлімнен тұрады. Мұнда автор билік транзиті, өңірлегі аласапыран, бітімгерлік әскерінің келуі, «Дикий Арман», «20 мың лаңкес» секілді бірнеше жағдайға жеке тоқталып, көптеген деректерді алға тартады.

Автор
Новости партнеров