Сапарбаев Ақтөбе облысының құрметті азаматы атанды
Жамбыл облысының әкімі болы зейнетке шыққан Бердібек Сапарбаев "Ақтөбе облысының құрметті азаматы" атанды, деп хабарлайды Arbat.media.
El.kz ақпараттық агенттігінің жазуынша, Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын жергілікті мәслихат депутаттары мақұлдаған. Жиын барысында аймақтың құрметті азаматтарына атақ беру мәселесі де қаралды.
Сессия барысында депутаттар мемлекет қайраткері Бердібек Сапарбаевқа «Ақтөбе облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешімді бекітті, - делінген облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін Сапарбаев шенеуніктер арасында бес облысты басқарған жалғыз адам. Ол тоқсаныншы жылдардың ортасынан бері Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстары басқарды. Сапарбаев Актөбе өңірінде 2015-2019 жылдары аралығында әкім болған.