«Самұрық-Қазына» жылдық табысының бір бөлігін "Қазақстан халқына" қорына аударады
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ жыл сайын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына таза табысының кемінде 7%-ын аударып отыратын болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Аталған қаражатты аудару туралы ережелер Үкімет қаулысымен бекітілген. Қаулы бойынша «Қазақстан халқына» қоры аударылған қаражатты тиісті мақсатқа жұмсауы қажет.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алты бағыт бойынша 25-тен астам қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асырады. Оның ішінде медицина, білім беру, спорт, мәдениет, әлеуметтік қолдау, төтенше жағдайлар кезінде көмек көрсету бойынша салалар енген.
"Қазақстан қорында" науқастарды дәрі-дәрмекпен, жастар мен мүгедектігі бар балаларды инновациялық протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз ету, ауылда негізгі мектептер, ерте араласу орталықтары, аутизммен ауыратын балаларға арналған орталықтарды құру, медициналық ұйымдарды заманауи құралдармен жабдықтау, ауыл мектептерінің түлектеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін оқушыларға білім гранттарын ұсыну бағдарламалары қарастырылған.
Аталғар қорға «Самұрық-Қазына» қорының табысының 7%-ын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аудару туралы бастаманы Қ.Тоқаев өткен жылы жолдауында мәлімдеген еді.