"Сәлеметсіз бе?" деген сөзден құтылуымыз керек - Қабылбек Әліпбайұлы
Белгілі дінтанушы Қабылбек Әліпбайұлы амандасу әдебіне қатысты бір сөзден құтылу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.
Уағыз айту кезінде дін ұстазы "Сәлеметсіз бе?" деген сөзден арылу туралы атады.
Сәлемдесуіміздің өзі нағыз мұсылманған жарасатын қылық болып саналады. “Ассалаумағалейкүм” дедіңіз бе, демек сіз құлшылық қылып жатсыз. Ол қазақтың ойлап тапқан үрдісі емес. Бұл мұсылманның амандасу әдебі. Қол көтеру мен бас изеп амандасуды қою керек. Қазір ерлер мен әйелдер де бір біріне “Сәлеметсіз бе?” деп амандасады. Бұлай амандасу бізге қайдан келді? Бұл кешегі Кеңес дәуіріндегі “Ассалаумағалейкүмді” қысқартқан түрі ғой. Осылай айтқаннан кейін бұл қазақтың менталитеті деп ойлады. Біз қазір егемен ел болдық. Дінімізді толық игеретін заманға жеттік. Енді сәлеметсіз бе дегенді қою керек, бауырлар, - деді ол.
Бұған дейін Қабылбек Әліпбайұлы пара беруге қатысты қызық пікір айтып, жұрттың сынына ұшыраған еді. Ол басшы пара сұраса беруге болатынын айтқан. Сонымен бірге, көпшілікке аса танымал Нұрлан имамды да сынауымен көзге түскен еді.