Сайт арқылы танысқан оралдық жігіт алғашқы кездесуде бикешті тонап кетті

19 июня 2023 г. 19:51 / Новости Казахстана

Оралда ғаламтор арқылы танысқан ер адам алғашқы кездесуде әйел адамды қарақшылық шабуылмен тонап кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Polisia.kz-ітң жазуынша, ер адам әйел адамға қарақшылық шабуыл жасаған көрінеді. Аталған оқиға 15 маусым күні түнгі сағат 01:00 уақыт шамасында тіркелген.

Кейіе анықталғандай 28 жастағы азамат пен 29 жастағы бикеш екеуі таныстық сайты арқылы танысқан. Екеуі кездескен уақытта күдікті жәбірленушіні пышақпен қорқытып, дене жарақатын келтірген. Бикештің қолдарын скотчпен байлап, оған тиесілі телефонымен мен 100 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырып, күдіктіні қолға түсірді. Аталған 28 жастағы Ж. есімді азамат соттың санкциясы бойынша қамауға алынды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Автор
Новости партнеров