Сайлау-2023: Еліміз бойынша шектен шыққан бірнеше оқиға тіркелді

20 марта 2023 г. 6:44 / Новости Казахстана

Еліміз бойынша Парламент Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына дауыс беру кезінде шектен шыққан әрекеттер әшкерел болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қарағанды облысында сайлау жәшігіне бюллетендерді толтырып салып жатқан сайлау комиссия мүшелерінің әрекеті елді елең еткізді. Әлеуметтік желіге кеңінен тарап кеткен бейнежазба туралы автор оларға наразылығын білдірген. 
Ақтас ауылынан сәлем! Ұяттан безгендер! Сіздерді тасбақа, диван сыншысы, бақсылар мен сиқыршылардың кейпіндегі сайқымазақтар алаңдатып жүргенде, мына жақта біреулер жәшіктерді бюллетеньдермен толтыруда. Менің анық түсінгенім - біздің елде ешқашан тәртіп болмайды! Бейнежазбаны мұқият қараңыз! Бұны теледидардан көрсетпейді!, - деп жазды желі қолданушысы. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Денис Денски (@denski_blog)

 
Солтүстік Қазақстан облысында дауыс беруге барған тұрғынның сайлау жәшігіне бірнеше бюллетенді қатар салғанына күллі ел куә болды. Алайда оның мұндай қадамға баруынан кейін комиссияның қандай шешім шығарғаны белгісіз. 
 
 

Алматы қаласында №5 сайлау округі бойынша Мәжіліс депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттың сайлауалды штабында пайда болған арандатушының әрекеті тіркелді.  Штабта "бақылаушымын" деген белгісіз жас жігіт  сайлауға түсіп жатқан кандидаттың сенімді өкіліне ұмтылған бейнежазбасы желіні шарлап кетті. Кейін штаб өкілдері полиция шақырып, арыз жазуға мәжбүр болған. 

 
 

Маңғыстау облысында бақылаушылар бюллетендерге алын ала белгіленген жазуларды анықтады.  

Қалай тексеретімізді көрсетейік. Алған қағаздарды орнына қойып отырамыз. Сіздер камераға түсіріп тұрыңыздар. Бюллетендерде "AMANAT" партиясы белгіленген", - дейді Әмин Елеусінов есімді өңір тұрғыны. 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АКТАУ | AKTAU☀️ (@aqtau_live)



 
Автор
Новости партнеров