Рикардо Кака 2024 жылға дейін Қазақстан футзал құрамасын жаттықтырады

5 июля 2023 г. 18:07 / Новости Казахстана
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құрамасының бас бапкерімен жаңа келісімшартты 2024 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазақстан футбол федерациясы футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Какамен серіктестіктің ұзартылғанын мәлімдеп отыр. Жаңа келісімшарт мерзімі 2024 жылдың соңына дейін жалғаспақ. 

Литвада өткен Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының табысы елімізде футзалдың дамуына үлкен серпіліс берді. Соңғы жылдары біздің футзал жаңа деңгейге көтерілгені анық. Бұл бағытта Каканың қосқан үлесі зор. Алайда, бұл жетістіктермен тоқтап қалмау маңызды. Біздің құрама негізгі іріктеу кезеңінде жақсы нәтиже көрсетіп, топтан бірінші орынмен шықты. Алға қойылған мақсат 2024 жылы Өзбекстанда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алу. Біздің бапкермен осы міндетті орындай аламыз деп сенемін, - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Бразилиялық маман әлем чемпионатына қатысуы үшін біліктілігін танытып, командаға тың серпін беретінін атады. 

Қазақстан футбол федерациясына жан-жақты қолдау мен сенімі үшін үлкен алғысымды білдіремін. Басты міндеттердің бірі орындалды – элиталық кезеңге шықтық. Ендігі меже 2024 жылғы әлем чемпионатына жолдама алу. Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз», - деді футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака.

Айта кетейік, Рикардо Кака 2018 жылдан бастап Қазақстан құрамасын жаттықтырып келеді. Оның жетекшілігімен біздің құрама 2021 жылы өткен Әлем чемпионатында төртінші орын алды. Бұл төрткүл дүние додасындағы ең үлкен жетістігіміз саналады.

Автор
Новости партнеров