Ресейде "Мистер Сидр" сусынын ішіп қайтыс болғандар саны 32 адамға жетті

7 июня 2023 г. 17:59 / Новости Казахстана

Ресейде отыздан астам адамның өмірін қиған сусын Қазақстанда сатылымнан алынды, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметі бойынша аталған сусын түрін сатуға шектеу қойылған. 

Ресейдің Самара қаласында орналасқан «АНДИ» компаниясына шығаратын «Мистер Сидр» деп аталатын алкоголі аз сусынды ішкен бірнеше тұрғын қайтыс болды. Олардың саны қазіргі уақытта 32 адамға жеткен. Сонымен қатар, 90 адам уланып, аурухана төсегіне танылды. Олардың ішінде отызға жуық адамның жағдайы өте ауыр екені айтылды. 

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар ету және мән-жай анықталғанға дейін аталған өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігін айтып, аумақтық департаменттерге тапсырма бергенін мәлімдеді. 

Бұған дейін Ресейдің бірнеше облысында қайтыс болған адамдар турады Arbat.media жазды. Нижний Новгород, Самара және Ульяновск облыстарында қолдан жасалған арақты ішкен 20-ға жуық адам уланғаны белгілі болған еді. 

Автор
Новости партнеров