Ресейде әскери институтта оқып жүрген 19 жастағы қазақстандық курсант қайтыс болды

21 февраля 2023 г. 17:03 / Новости Казахстана

Ресейдің Саратов облысындағы әскери институтта оқып жүрген қазақстандық курстант қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Қайғылы оқиға 19 ақпанда кешкілік болғаны анықталып отыр. Саратовтағы Ф.Э.Дзержинский атындағы ұлттық гвардиялық әскери институтта оқып жүрген 19 жастағы курсант атылған оқтан қайтыс болды. Марқұм аталған оқу орнына Қазақстаннан барған көрінеді.  

Институттың берген ақпараты бойынша, оқиға кешкі уақытта болған. Курсанттың мәйітін тексеру кезінде атылған оқтың жарақаты болған. Ол кешкі 18:00 кезінде кешкі кезекшілікке түскен көрінеді. Арада біршама уақыт өткенде бөлім курсанттары қаруды тапсыруы тиіс болған. 

Алайда курсанттардың бірі жуылған киімдерді кептіретін бөлмеге кірген келеңсіз жағдай болған. Қазір курсанттың күтпеген әрекетті жасаған болуы мүмкін екені тексерілуде. 

Қазіргі уақытта аталған оқиға бойынша тергеу амалдары басталды. Болған оқиғаның мән-жайы тексерілу үстінде, - деді Ресей гвардиясының Саратов облыстық басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

 

Автор
Новости партнеров