Қызылорда облысында өрт кезінде ер адам қайтыс болды

11 марта 2023 г. 19:04 / Новости Казахстана

Қызылорда облысының аудан орталығыда 48 жастағы ер адам өрттен қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

10 наурызда Жосалы кентіндегі жеке тұрғын үйдегі өрт ер адамның өмірін қиды. Өрт тұрғын үйдің кіреберіс бөлмесінде болып, толығымен жанып кеткен. 

Өрт сөндірушілер 1975 жылы туған тұрғын үй иесін сыртқа алып шығып, оны жедел жәрдем мамандарына тапсырған. Алайда түтінге тұншығып қалған ол көп ұзамай қайтыс болды. Марқұм үйде жалғыз болған. Өрт сағат 21.30-де оқшауланып, 21.40-де толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, - деді Қызылорда облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобының мамандары.

Өрт кезінде оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 8 қызметкері жұмылдырылған 2 техника келген. Сонымен бірге полиция мен жедел жәрдем бригадасысы өрт аумағында тиісті жұмыстарын атқарған.  

Автор
Новости партнеров