Қызылорда облысында далада сора өсіргенде 4 адам ұсталды

13 июня 2023 г. 18:35 / Новости Казахстана

Қызылорда облысында мыңнан астам сора өсірген өңір тұрғындары арнайы шара кезінде қолға түсті, деп хабарлайды Arbat.media.

Қазалы ауданында прокуратура, аудандық әкімдік және полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жұмыстар нәтижесінде 1086 түп сора өсімдігін еккен қала тұрғындары анықталған. Polisia.kz-тің жазуынша, 28-50 жастағы жұмыссыз  қаланың төрт тұрғыны Қызылорда облысы Қазалы ауданына қарасты Қызылқұм ауылының 265 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсімдігін өсіргені белгілі болды.

Айта кетерлік жайт, арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 20 см-ге дейін жеткен. Полицейлер оқиға орнынан ірі есірткі алқабынан бөлек арнайы кептірілген марихуана, күдіктілердің жеке заттарын, азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтарды тапты.

Оның ішінде 20 метрлік шланга, күрек, кетпен, тырма, газ баллонын тәркіленді. Есірткі алқаптан бөлек алынған арнайы кептірілген марихуананың салмағы 723 грамм екені анықталды. Күдіктілер Қазалы аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. 

Автор
Новости партнеров