Қытай: Алтай көшелерінен 3000 тұяқ қой айдаған түйелі көш өтті

17 сентября 2023 г. 14:31 / Новости Казахстана

Қыркүйектің 10-ы күні Қытайдың Алтай қаласында алтын күз мәдени туризм сериясы мен Алтайдың тегене құйрықты қойларын насихаттау «шоуы» салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Орталық халық радиосы» ақпараттық порталының мәлімдеуінше, мыңғырған қойлар, шаңырақ салып маң-маң басқан атандар,  асфальтты тақылдата басқан жылқылар Алтай көшесін өзгеше бір сәнге бөледі.

Сол күні арнайы шараға қатысқан малшы қауым ұлттық киім-кешектерін киіп, ат-әбзелдерін толықтай сайлап, күні бұрын жығып дайындап қойған киіз үйлерін түйеге артып, қоралы қойларын айдап үдіре көшті. Ат құлағында ойнайтын, үкісі бұлғақтаған бөйжеткендер, түйенің бұйдасынан соза тартып, көш бастаған салихалы байбішелер, жорға мен жүйрік мінген жігіттер, бәр-бәрі де қаланың қақ ортасынан өткен көшке ерекше сән қосты.

 

Автор
Новости партнеров