Құрбанғұлы Бердімұхамедов Түрікменстанның "Ұлт көшбасшысы" мәртебесіне ие болды

23 января 2023 г. 15:51 / Новости Казахстана

Түрксменстанды 15 жыл басқарған Құрбанғұлы Бердімұхамедов "Ұлт көшбасшысы" атанды. Мұндай өзгеріс елдің конституциясына еніп отыр, деп хабарлайды Arbat.media.

Көршілес ел халық билігінің жоғары өкілді құрылымы – Түрікменстанның халық мәслихаты құрылды. Оған төраға ретінде елдің бұрығы басшысы Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің кандидатурасы бір ауыздан мақұлданды. 

Түрікменстан парламентінің бірлескен отырысында депутаттар ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге де дауыс берді. Кейін бұған қатысты жарлыққа Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов қол қойған. 

Депутаттар Құрбанғұлы Бердімұхамедовті түрікмен халқының "Ұлт көшбасшысы" мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы конституциялық заң жобасын бекітті. Енді елдің экс-президенті "Ұлт көшбасшысы" ретінде заңмен қорғалады. 

Бұған дейін Құрбанғұлы Бердімұхамедовке "Аркадаг" деген атақ берілген. Аркадаг 2007 жылдың ақпан айында президенттік лауазымды иеленді. Кейін 2012 және 2017 жылдары сайлауда жеңіске жеткен. 2022 жылы Құрбанғұлы Бердімұхамедов орнынан кетіп, ұлы Сердар Бердімұхамедов кезектен тыс Президент сайлауында басымдыққа ие болып, әкесінің орнына жайғасты.

Автор
Новости партнеров