Құрбан айтқа орай Астанада мал соятын жерлер бекітілді

26 июня 2023 г. 21:55 / Новости Казахстана

Астана қаласында қасиетті Құрбан айт мерекесінде құрбан шалынатын орындар анықталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана қаласының дін істері басқармасы мәлімдеді. Биыл Құрбан айт мерекесі 28-30 маусым күндері аралығында болады. Еліміздің мұсылмандары діни басқармасының ақпаратына сәйкес қала мешіттерінде 28 маусым күні сағат 6.00-де Айт намазы оқылмақ.

Сондай-ақ, Астана қаласында бекітілген орындарда 8.00-ден 18.00-ге дейін құрбан шалуға болатыны айтылды. 

Оның ішінде «Ұлжан» әмбебап базары (Сарыарқа ауданы, Н. Тілендиев көшесі, 24), "Жайлау" базары (Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, С-313 көшесі),  «Шанхай» базары (Байқоңыр ауданы, Алаш тасжолы, 34/6), «Шопан ата» базары (Байқоңыр ауданы), «Баракат» базары (Байқоңыр ауданы, А-369 көшесі, №10 ғимарат). 

Құрбандыққа сойылған ет түгелдей әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға таратылады. 

Сондай-ақ,құрбан айт күндері халыққа құрбан шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақыл-кеңес беретін 109 сall орталығы тәулік бойы жұмыс жасайтыны айтылды. 

Автор
Новости партнеров