Құмар ойынға арбалған 11 әскери жұмысымен қош айтысты

15 июня 2023 г. 20:40 / Новости Казахстана

2022 жылы әртүрлі лауазымдағы 11 әскери қызметші жұмыстан шығарылған, деп хабарлайды Arbat.media.

Әскери саланың мамандарының жұмыстан шеттелуіне олардың құмар ойындарға арбалуы себеп болған. Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов бәс тігу ойындарына басы кеткен сарбаздар тазалау жұмыстары алда да жалғасатынын атады. 

Құмар ойын – ауру, оны емдеу керек. Заңда ол үшін жауапкершілік қарастырылған. Бірақ, бізде әскери қызметкерлердің құмар ойынға әуестігін тексеру құқығы жоқ. Бізге деректерді Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі береді. Біз оны қарастырып, әскери қызметші болса жұмыстан шығарылады», - деді Сұлтан Қамалетдинов.

Министр орынбасарының айтуынша, ұмар ойынға әуестенгені үшін жұмыстан қуылған әскери қызметшілердің лауазымдары түрлі деңгейде болған. 

Өткен жылдың нәтижесі бойынша 11 әскери қызметші жұмыстан шығарылған. Бізде жұмыстан босату бойынша жалпы әскери жарғы бар. Кез келген іс соның аясында қаралады және оның нақты мерзімі бар. Мысалы, әскери қызметші құмар ойынмен өткен жылы әуестенді, бірақ ол туралы биыл ғана анықталса, онда біз қызметшіні жұмыстан шығара алмаймыз. Себебі, іс жарты жыл ішінде анықталып, дәлелденуі керек, - деді ол.

Автор
Новости партнеров