Қостанайда ресейлік азамат заңсыз түрде 180 миллион теңге иеленгені анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі Қостанай облысы бойынша департаментімен «KZobmen.com», «KZobmen Ltd» крипто айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыр дерегінің жолын кесті, деп хабарлайды Arbat.media.
Ресей азаматы 2020 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде аса ірі көлемде 180 миллион теңгеден астам сомаға табыс алғаны анықталып отыр. Сот үкімдері бойынша күдіктінің 85 миллион теңге көлеміндегі жылжымайтын мүлкі, оның ішінде "Binance" крипто биржасының платформасында орналастырылған цифрлық активтері (криптовалюта) тәркіленді.
Құқық бұзушы бес заңсыз криптовалюта айырбастау пунктіне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында анықталды, іс аясында криптовалюта айырбастау пункттері арқылы цифрлық активтермен тыйым салынған кәсіпкерлік қызметпен айналысқан бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекеттерінің жолы кесілді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, басқа да мәліметтер ашып көрсетуге жатпайды, - деді ҚМА баспасөз қызметіндегілер.
ҚМА көлеңкелі экономикамен күрес жұмысын жалғастыра беретінін хабарлап отыр. 2022 жылдың өзінде ғана агенттік қабылдаған шаралар кешені көлеңкелі экономика деңгейін 19,7%-ға дейін төмендетуге оң әсер етті, бұл ретте болжамдық мән 21,5%-ды құраған.